Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Наурызбай ауданын жұмыс сапарымен аралау барысында Шұғыла және Қалқаман шағынаудандарының тұрғындарымен кездесті
5 Қараша, 2026
Кездесуде жолдардың жай-күйі, сумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету, қоғамдық көлік қатынасы мен көркейту мәселелері талқыланды.
Шұғыла шағынауданындағы Абай саяжайларының тұрғындары жол жөндеу, инженерлік желілерді жаңарту, трансформаторларды коммуналдық меншікке беру, жер телімдерін рәсімдеу, балалар ойын алаңдарын салу және оқушыларды мектепке тасымалдау мәселелерін көтерді.
Қалқаман шағынауданының тұрғындары жарықтың жиі өшуі, көлік қатынасы, пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне назар аударды.
Сондай-ақ Төле би көшесін ұзарту мәселесі талқыланды. Жобаны аяқтау үшін электр желілерінің тіректерін көшіру қажет. Бұл жұмыстарды жылыту маусымы аяқталғаннан кейін ғана жүргізуге болады.
Кездесулер соңында Дархан Сатыбалды тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне барлық өтінішті қарастырып, оларды шешу жолдары мен нақты орындалу мерзімін белгілеуді тапсырды.