Live
Мақсаттар мен міндеттер
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының
«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттiк мекеме) Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 2/193 қаулысымен Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекетік мекемесін құру туралы» қаулысымен құрылды.
Мемлекеттiк мекеме кызметінің мақсаты мемлекеттiк органдардың ақпараттық жұмыстары кооперациясының тиiмдi тетiктерiн құру, бұқаралық ақпарат құралдарын (бұдан әрі - БАҚ,) мен жергiлiктi атқарушы органдардың өзара тиiмдi iс-қимыл жасауы үшiн жағдай жасау болып табылады.
Мемлекеттiк мекеме аталған мақсатқа жету үшiн келесi қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) өңірде ақпараттық күн тәртібін жоспарлау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
2) Алматы қаласының әкiмiне тiкелей бағынысты және есеп беретiн жергiлiктi атқарушы органдар үшiн медиа-сценарийлер және ақпараттық хабарламалар әзiрлеу;
3) өңірлік брифингтер мен баспасөз-конференцияларын ұйымдастыру және өткізу;
4) өңірлік БАҚ-та және мемлекеттiк мекеменiң әлеуметтiк желiлерiнде ақпараттық хабарламаларды уақтылы орналастыру;
5) маңызды iс-шараларды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету;
6) негiзгi тақырыптық бағыттар бойынша ақпараттық және талдау материалдарын дайындау;
7) өңірде басты және әлеуметтік маңызы бар ақпараттық желеу бойынша БАҚ-қа ресми ақпарат ұсыну және әзірлеу;
8) БАҚ-та орналастыру үшiн ақпараттық материалдарды қалыптастыру;
9) әлеуметтік медиадағы жұмыстарды ұйымдастыру.