Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Бостандық ауданын аралап, Серкебаев даңғылы мен Радостовец көшесінің арасындағы жаңа демалыс аймағын көрді

4 Қараша, 2026

Бұрын бұл жерде бос жатқан аумақ болса, қазір бизнестің қолдауымен қоғамдық кеңістік жасалды. Шамамен 1 800 шаршы метр аумаққа бұталар мен қылқанжапырақты өсімдіктер егіліп, субұрқақ орнатылды, балалар ойын алаңы жасақталған. Сондай-ақ қаланың дизайн-кодына сай шағын сәулет нысандары бірыңғай үлгіде орналастырылған.

Бұдан кейін әкім тұрғындармен кездесті. Кездесуде әлеуметтік инфрақұрылым, қоғамдық көлік және коммуналдық қызметтердің жұмысы талқыланды. Қала тұрғындары ұсынысы мен өтінішін де жеткізді. Барлығы назарға алынды.

Келесі жылға арналған жоспарлар да қаралды. Атап айтқанда, Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, Жапон саябағы мен «Қазақфильм» киностудиясының маңында саябақ салынады. «Атакент» аумағын жаңарту жұмыстары басталады.

Бөлісу: