Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте балаларды зорлық-зомбылық пен буллингтен қорғау, құрылыс нысандарындағы заңбұзушылықтар, көшелердің жай-күйі және автобустардың жұмысы талқыланды
3 Қараша, 2026
2027 жылы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған кабинет ашу жоспарланып отыр. Мұнда балалар медициналық, психологиялық және құқықтық көмек ала алады. Сондай-ақ №1 Балаларды қолдау орталығын кеңейту жайы қарастырылып жатыр.
Алматыда 1 346 нысан салынып жатыр. Жыл басынан бері 1 236 заңбұзушылық анықталып, салынған айыппұлдың жалпы сомасы 619,4 млн теңге болды. Қазан айынан бері 22 құрылыс нысанындағы жұмыстар тоқтатылды. 570 лицензияның қолданысы тоқтатылып, 45 лицензияның күші жойылды, заңсыз салынған 53 нысан сүрілді.
Сонымен қатар тұрғын үй кешендерінің инженерлік желілерін қала теңгеріміне беру мәселесі талқыланды. Жер қазу жұмыстарынан кейін жолды қалпына келтіру, құрылыс қоқыстарын шығару және арықтарды тазалау мәселесі де қаралды.
Қысқы кезеңге дайындық пен қарбалас уақытта автобустардың шамадан тыс толуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Әкім қоғамдық көліктің жұмысын жақсарту жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.