Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Әуезов ауданын жұмыс сапарымен аралау барысында инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты
1 Қараша, 2026
Солардың бірі зағип және көру қабілеті нашар балаларға арналған №4 арнайы мектеп-интернат. Қазіргі уақытта мұнда 100 орындық жатақхана мен 200 орындық асханасы бар қосымша ғимараттың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жұмысты 2027 жылы аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар қала басшысы Жұбанов көшесінің бойындағы көркейтілген аумақты аралады. Мұнда балалар және спорт алаңдары жаңартылып, көше жиһаздары орнатылды, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс сапарының соңында тиісті басқармалар мен аудан әкімдігіне аудан инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастыру және жүзеге асырылып жатқан жобалардың сапасын бақылауды қамтамасыз ету тапсырылды.