Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Семинар «Азаматтық қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»

  

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-де ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында «Азаматтық қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі-Ахетов Мамай Каниевич сөз сөйледі.

Мекеме қызметкерлеріне қызметтік этика: адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделетіні түсіндірілді.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база қалыптастырылды: бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 - V ҚРЗ Заңы (бұдан әрі-Заң) және басқа да әлеуметтік бағдарламалар. Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді айқындайды, азаматтық қызметшілер заңды сақтауға тиіс, осыған байланысты мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірлескен қызметін болғызбауды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашуды және жүргізуді, қолма-қол ақша алуды, сондай-ақ құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары қаралды.

Бұл іс-шара ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларды нығайтуға және жетілдіруге ықпал етеді.

Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.