Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Hyundai Motor Group компаниясының атқарушы вице-президенті, болашақ стратегиясы департаментінің басшысы Хогын Чон және компания вице-президенті Джэён Ли бастаған делегациямен кездесті

5 Қараша, 2026

Тараптар қала инфрақұрылымына заманауи технология енгізу жайын талқылады.

Қалалық көлік жүйесі мен логистика саласында MobED автономды роботтарын пайдалану, көлік легін басқаруда жасанды интеллект қолдану, сондай-ақ электромобильдерге арналған қуаттау станциялары желісін дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Автомобиль өндірісін дамыту да назардан тыс қалмады. 2025 жылы Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауыты 52 мыңнан астам автокөлік шығарды. Кәсіпорында шамамен 1 700 жұмыс орны ашылған.

Сонымен қатар 2026 жылы қыркүйекте Қазақстан Президентінің Оңтүстік Кореяға сапары барысында тиісті құжаттарға қол қойылған жалпы құны шамамен 238,3 млн доллар болатын жобалар қарастырылды. Олар автомобиль өндірісін кеңейтуді, автокөлік бөлшектерін шығаруды, клиника мен Lotte қонақ үйін салуды көздейді.

Бөлісу: