Инвестициялық бағдарламалар шеңберінде коммуналдық қызметтер тарифтерін өзгерту инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған

17 Қаңтар, 2025

Алматыда 2025-2029 жылдарға арналған сумен жабдықтауға жəне су бұруға арналған жаңа тарифтер бекітілді. «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Алматы Су» МКК жаңа тарифтері мен инвестициялық бағдарламалары қолданысқа енгізіледі. Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Əсел Бөденеева түсіндіргендей, тарифтерді бекіту кезінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасының міндеттерін іске асыру ескерілді. Онда инвестицияларды, жалақыны ұлғайту, иесіз желілерді ұстау жəне стратегиялық тауардың құны қарастырылған.

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап 2020-2024 жылдарға арналған бұрын бекітілген тарифтердің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты сумен жабдықтауға жəне су бұруға жаңа тарифтер енгізіледі.

«Жаңа тарифтермен қатар, ҚР өнеркəсіп жəне құрылыс министрлігінің Құрылыс жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетімен бірлесіп, сумен жабдықтау жəне су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жаңа бес жылдық кезеңге арналған инвестициялық бағдарламалар да бекітілді»,– деп атап өтті Əсел Бөденеева.

Осы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру су құбыры жəне кəріз желілерінің тозуын жəне апаттық жағдайлар санын жыл сайын төмендетуге əкеп соғады, сондай-ақ көрсетілетін реттеуге келетін қызметтердің сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

Бағдарлама шеңберінде 2024 жылғы қыркүйектен бастап жеке тұлғалар тобы үшін суды «тұтынудың əлеуметтік нормалары» енгізілді. «Неғұрлым көп үнемдесеңіз, соғұрлым аз төлейсіз» қағидаты бойынша тарифтер тұтыну көлеміне байланысты өзгеріп отырады:

  • 1 адамға айына 3 м3 дейін - 91,96 теңге/м3,
  • 1 адамға айына 3 м3-тен 5 м3-ге дейін 1 адамға - 110,36 теңге/м3
  • 1 адамға айына 5 м3-тен 10 м3-ге дейін - 137,94 теңге/м3
  • 1 адамға айына 10 м3 жоғары жəне суды есептейтін жеке аспаптары жоқ жеке тұлғалар - 183,92 теңге/м3.

Алынған қаражат ресурс үнемдеуші технологияларды енгізуге, жабдықтарды жаңғыртуға жəне желілерді жөндеуге бағытталады.

2025 жылғы 1 ақпаннан бастап жаңа тарифтерді қолданысқа енгізу:

  • Сумен жабдықтаудың орташа тарифі 135,24 теңге / м3 құрайды,
  • Су бұруға - 83,54 теңге / м3.

Халық үшін сумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3 дейін, ал су бұруға – 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің төмендеуі немесе қалыпты өсуі көзделген.

Сонымен қатар, Алматыда тұратын тұтынушылар үшін орташа түбіртек:

  • суық сумен жабдықтау бойынша 32 м2 тұрғын алаңы бар 1 бөлмелі пəтер 156 теңгеге жəне кəріз үшін 139 теңгеге (295 теңге) артық;
  • тұрғын алаңы 48 м2 2 бөлмелі пəтер суық сумен жабдықтау бойынша 234 теңгеге жəне кəріз үшін 208 теңгеге (450 теңге) артық;
  • Тұрғын алаңы 88 м2 3 бөлмелі пəтер суық сумен жабдықтау бойынша 312 теңгеге жəне кəріз үшін 278 теңгеге (600 теңге) артық.

Бөлісу: