«Даму» қоры биыл Алматыда 500-ден астам жобаны қаржыландырды

30 Маусым, 2025

«Даму» қоры кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламасын іске асыруды жалғастырып, Қазақстандағы шағын және орта бизнестің өркендеуіне үлкен үлес қосып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматыдағы бөлімшесінің директоры Жандос Нұрғазинов 2025 жылы өңірлерге, оның ішінде Алматыға ерекше көңіл бөлінетінін, жобаның саны мен қаржыландыру жағынан мұнда үлкен ілгерілеу бар екенін айтты.

Қордың мақсаты  тиімді құралдар арқылы кәсіпкерлікті үзбей қолдап, дамуына атсалысу. Негізгі стратегиялық міндеткәсіпкерлерді қаржы бағдарламаларымен қамти беру. Қор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, несиелерді кепілдендіру мен жеңілдетілген несие бағытында жұмыс істейді. Бағдарламалар іске қосылған сәттен бастап осы уақытқа дейін жалпы сомасы 2 295 млрд теңге болатын 20,6 мың жоба қолдау тауыпты. Оның ішінде 10,5 мың жоба субсидиялау, 4,9 мың жоба кепілдендіру, 4,9 мың жоба жеңілдетілген несие арқылы 630,1 млрд теңгеге қаржыландырылған.

2025 жылдың алғашқы бес айында мемлекеттік бағдарламалар аясында жалпы сомасы 79,2 млрд теңгені құрайтын 525 жоба қолдау тауыпты. Олар:  Субсидиялау бойынша – 238 жоба, 47,4 млрд теңгеге; • Кепілдендіру бойынша – 113 жоба, 12,8 млрд теңгеге; • Жеңілдетілген несие бойынша – 174 жоба, 19 млрд теңгеге; Сала бойынша ең көп несие өңдеу өнеркәсібіне – 26,9 млрд теңге (34%) бөлінген. Одан кейін: • Көлік және қоймалау – 13,5 млрд теңге (17%), • Денсаулық сақтау – 10,4 млрд теңге (13%), • Білім беру – 5,6 млрд теңге (7%), • Туризм – 4,2 млрд теңге (5%). Қолдау алған жобалардың 86%-ы микро және шағын бизнес, соның ішінде стартаптар. Орта бизнес үлесі – 14%. Қаржыландыру мақсаты бойынша 76% инвестициялық мақсатқа, 24% айналым қаражатын толықтыруға бағытталды.

Қолдау алғандардың 39%-ы әйелдер кәсіпкерлер болып шыққан. Әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған арнаулы бағдарламалар (ЕҚДБ, «Үміт» және т.б.) аясында 4,9 млрд теңгеге 303 жоба мақұлданыпты. «Даму» қоры әлеуметтік-экономикалық тұрғыда тиімді болып отыр. Бағдарламаларға қатысқандардың өндірген өнімінің көлемі 16 620 млрд теңге, салық төлемі – 1 242 млрд теңгеге жетіп, 14,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылған. 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда қолдау алған жобаның саны 33%-ға, берілген несиелер 4%-ға артты. 2025 жылы жаңа кепілдендіру механизмдері

–1 мен 2 кепілдік қоры іске қосылды. Олар президенттің тапсырмасы мен Үкіметтің қаулысы бойынша енгізілген:

Кепілдік қоры 1 – қаржыландыру көлемі 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға арналған. Қарыз сомасының 85%-ына дейін, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайтын кепілдік беріледі. 2 жұмыс күні ішінде шешім шығады, қайта бағалау талап етілмейді. Қазірдің өзінде 8,2 млрд теңгеге 69 жоба қаржыландырылып, 4,5 млрд теңге кепілдік берілді. Бағдарламаға екінші деңгейлі 10 ірі банк қатысады. Кепілдік қоры 2 – 7 млрд теңгеден асатын ірі жобаларға арналған. Жоба құнының 30%-ына дейін кепілдік беріледі, мерзімі – 15 жылға дейін. Қор тарапынан жеке тәртіпте қаралады. Республикалық және жергілікті бюджет арқылы, банктердің жарналары мен кәсіпкерлердің комиссиялары арқылы іске асады қаржыландыру.

Жеңілдетілген несиелеу аясында 2025 жылы жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама жеке микро, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарын қолдауға бағытталған:

Инвестициялық мақсатқа – 7 млрд теңгеге дейін, Айналым қаражатына – 3,5 млрд теңгеге дейін беріледі. Сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды. Мерзімі: инвестицияларға – 10 жылға дейін,  Айналым қаражаты үшін – 3 жылға дейін. 2025 жылғы 16 маусымнан бастап микро және шағын бизнес үшін сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша жаңа ережелер күшіне енді. Енді несие бойынша ең жоғары мөлшерлеме – Ұлттық Банктің базалық ставкасы + 4%. Оның 40%-ы субсидияланады, кәсіпкерлерге соңғы мөлшерлеме 12,3%-дан төмен болмауы тиіс.

Несие сомасы 200 млн теңгеге дейін. Басым салалар: өнеркәсіп, көлік, туризм, білім беру мен денсаулық сақтау саласы. «Almaty/Jana Business» өңірлік бағдарламасы ерекше мәнге ие. Алматы әкімдігімен бірлесіп іске асырылып жатқан бұл бағдарлама қаладағы шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған. Жылдық 12,6% мөлшерлемемен, 7 жылға дейінгі мерзімге, 100 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несие қарастырылған. Әртүрлі салаларды қамтитын бағдарлама әсіресе жаңа бастаған кәсіпкерлерге тиімді болмақ. 2015 жылдан бері бұл бағдарламаға 32,5 млрд теңге бөлінді (оның 18,1 млрд теңгесі – «Даму» қорынан). 2025 жылы тағы 3 млрд теңге қосу жоспарланып отыр. Қазір 864 борышкер қолдау алды, өндірілген өнім көлемі 1 216 млрд теңге, төленген салық 101,5 млрд теңгеге жетіп, жаңадан 1 519 жұмыс орны құрылды.

Бөлісу: