Алматы әкімі «Алатау» театрына барып, Нұркенттегі саябақ құрылысын тексерді

21 Қазан, 2026

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ауданға жұмыс сапары барысында күрделі жөндеуден өткен «Алатау» дәстүрлі өнер театрына барды. Ғимараттың қасбеті, концерт және кинозалдары, әкімшілік бөлмелері жаңартылып, іргелес аумағы көркейтілді.

Театр репертуарында мәдени мұраны сақтауға бағытталған 17 қойылым бар.

Сондай-ақ Дархан Сатыбалды аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында электрмен жабдықтау, жол жөндеу және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелері қозғалды. Қала әкімі атап өткендей, атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, кейбір жобалардың жүзеге асырылу мерзімі созылып, кей жұмыстың сапасына қосымша назар аудару қажет болып отыр. Шаһар басшысы тұрғындар көтерген мәселелердің мән-жайын анықтап, шешу жолдарын қарастыру үшін тиісті орындарға баруды жоспарлап отыр.

Бұған қоса, Дархан Сатыбалды Нұркент шағынауданындағы аумағы 3,2 гектар саябақтың құрылысымен танысты. Жұмыс аяқталуға жақын. Құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтап, көркейту жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.

Бөлісу: