Алматыда өңірлік инвестициялық штабтың XVI отырысы өтті

15 Қазан, 2026

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өңірлік инвестициялық штабтың XVI отырысы өтті. Қатысушылар 7,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылатын 16 инвестициялық жобаны қарады.

Жобалар жаңа өндіріс орындарын ашуды, тұрмыстық техника шығару көлемін ұлғайтуды, қайталама шикізатты өңдеуді, логистикалық орталықтар, қонақ үйлер мен білім беру нысандарын салуды, сондай-ақ туризмді, IT саласын және басқа да салаларды дамытуды көздейді.

Алматының Индустриялық аймағын дамыту жайы да талқыланды. Мұнда жаңа кәсіпорындар мен логистикалық кешендерді орналастыру жоспарланып отыр.

Әсіресе, жобалардың жүзеге асырылуын қиындатуы мүмкін жайттарға, атап айтқанда, жер аумақтарын бөлуге, инженерлік желілерге қосылуға және құжаттарды келісуге назар аударылды.

Отырыс соңында әр бағыт бойынша алдағы міндеттер айқындалды. Жауапты басқармалар мен ұйымдарға туындайтын мәселелерді жедел шешу және инвесторларға қажетті қолдау көрсету тапсырылды.

Бөлісу: