Алматы әкімі Бельгия Королі Филипп пен Королева Матильданы қарсы алды

15 Қазан, 2026

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасы Құрылтайы Төрағасының орынбасары Динара Зәкиевамен және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевпен бірге елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданы қарсы алды.

Сапар аясында Бельгия Королі мен Патшайымы Алматының ғылыми, мәдени және инновациялық әлеуетін танытатын бірқатар нысанды аралады. Меймандарға қаланың заманауи технология, білім және ғылым салаларындағы жетістіктері таныстырылды.

Бұл сапардың Алматы үшін маңызы зор. Шаһар халықаралық ынтымақтастықты жүйелі түрде дамытып, инвестиция тартып, шетелмен әріптестік байланысты нығайтып келеді.

Король Филипп пен Патшайым Матильданың сапары Қазақстан мен Бельгия арасындағы қарым-қатынастағы маңызды оқиғаға айналып, екі елдің іскерлік, ғылыми және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамытуға жол ашты.

Бөлісу: