Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа медициналық кешеннің іргетасына естелік капсула қою рәсіміне қатысты

29 Қазан, 2026

Жоба Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айқындалған міндеттерге сәйкес қаланың денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Медициналық кешен «Шығыс қақпасы» полиорталығының аумағында бой көтереді. Оның жалпы ауданы шамамен 45 мың шаршы метр.

Мұнда 250 орынға арналған көпбейінді аурухана, онкологиялық орталық және бір ауысымда 350 адамды қабылдауға есептелген консультативтік-диагностикалық орталық орналасады.

Жаңа кешен тұрғындарға тұрғылықты жеріне жақын маңда медициналық көмек алуға, қажетті тексеруден өтуге және мамандарға қаралуға мүмкіндік береді. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, жаңа медициналық технология енгізуге және жұмыс үдерісін цифрландыруға ерекше назар аударылады.

Бөлісу: