Live
Мектеп, LRT және Water Garden: ауданда қандай нысандар салынып жатыр
26 Қазан, 2026
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданындағы ірі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысты.
«Батыс қақпа» полиорталығында 298 гектарға жуық аумақта жол, инженерлік желілер мен әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Келесі оқу жылына қарай екі мектеп ашу жоспарланған. Сондай-ақ бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхана, бес балабақша және аумағы 14 гектар болатын саябақ бой көтереді.
Океанариумы, су арнасы мен жағалаудағы серуен аймағы бар Almaty Water Garden жобасының құрылыс жұмыстары 55%-ға орындалды.
LRT желісінің бірінші бағытының құрылысы жалғасып жатыр. Ал Индустриялық аймақта тәулігіне 2 мың тоннаға дейін қалдық өңдеп, 60 МВт-қа дейін электр қуатын өндіретін зауыт салу жобасы жүзеге асырылып жатыр.