Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаланы одан әрі көгалдандыру мәселесі жөнінде кеңес өткізді
1 Қыркүйек, 2026
Көктемде Алматының барлық ауданындағы 55 учаскеге 6,5 мың ірі көлемді ағаш пен 500 мың бұта егілді. Бұл жұмыс жағалауларда, бульварларда және басқа да қоғамдық кеңістіктерде жүргізілді.
Сонымен қатар алматылық мамандар Қытайдың Ханчжоу қаласындағы көгалдандыру тәжірибесін зерделеді. Сапар барысында олар көгалдандырудың заманауи тәсілдерімен және көшет материалдарын өсіру тәжірибесімен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша Алматының климаттық жағдайына бейім өсімдіктерді тікелей жеткізу жөнінде Қытайдағы тәлімбақтармен келісімдерге қол жеткізілді.
Күзде қаланың барлық ауданындағы 37 нысанға 2 мыңға жуық ағаш пен 350 мың бұта егу жоспарланып отыр.
Дархан Сатыбалды көшет материалының сапасына бақылауды күшейтіп, климаттық және қалалық орта жағдайына төзімді өсімдіктерді таңдауға ерекше назар аударуды тапсырды.