Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Sunwah Group корпорациясының басқарма төрағасы, сондай-ақ Гонконг Қытайдың Бас сауда палатасының басшысы Цай Гуаньшэнмен кездесті
31 Тамыз, 2026
Тараптар Алматы мен Гонконг арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты нығайту жайын талқылады.
Кездесуде 24-25 қыркүйекте Алматыда өтетін Қазақстан-Қытай инвестициялық форумына дайындыққа ерекше назар аударылды. Қытайлық компаниялар мен қаржы институттарын тарту, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Денсаулық сақтау саласында Алматының медициналық ұйымдары мен Қытайдың жетекші офтальмологиялық ауруханалары арасында тәжірибе алмасу және бірлескен кеңес беру бағытында әріптестік орнату жоспарланып отыр.
Сонымен қатар тараптар Sunwah Group компаниясының өңірдегі тау курорттарын, рекреациялық және туристік инфрақұрылымды дамыту мүмкіндіктеріне тоқталды.