Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен қаланың жаңа оқу жылын бастауға дайындығына арналған кеңейтілген аппараттық кеңес өтті
31 Тамыз, 2026
Жиында жолдағы ахуал, қоғамдық көліктің жұмысы, мектеп маңындағы қауіпсіздік және жол-құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.
Дархан Сатыбалды жауапты қызметтерге жұмысты күшейтілген режимге ауыстыруды тапсырды. Қыркүйектің алғашқы күндерінде қоғамдық көліктің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, кептеліске жедел ден қойып, жолды негізсіз жаппау маңызды.
Қала әкімі балалардың қауіпсіздігі басты басымдық болуы тиіс екенін ерекше атап өтті. Мектеп маңындағы жол қозғалысына бақылауды күшейтіп, көлік қозғалысы ең көп учаскелерде қосымша қауіпсіздік шараларын қабылдау қажет.
Жауапты басқармаларға, аудан әкімдіктері мен Полиция департаментіне жолдағы жағдайды тұрақты бақылауда ұстап, қаладағы ахуалды ескере отырып, қажетті шешімдерді жедел қабылдау тапсырылды.