Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Білім күні Алатау ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 2 мың орындық №230 мектептің ашылуына қатысты

1 Қыркүйек, 2026

Биыл қалада 10 500 орынға арналған 7 жаңа мектеп, сондай-ақ «Зерделі» шағынауданында 550 орындық мектеп ашылды. Жаңғыртудан кейін №160 мектеп қайта ашылып, №15 мектеп-интернаттың құрылысы аяқталды. Сонымен қатар №112 және №174 мектептердің қосымша корпустары пайдалануға берілді.

Жалпы, Алматының білім беру инфрақұрылымы 12 065 жаңа орынмен толықты. 11 496 бала мектеп автобустарымен қамтамасыз етіледі.

Бүгін 32 мыңнан астам бірінші сынып оқушысы мектеп табалдырығын алғаш рет аттады.

Дархан Сатыбалды оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, мұғалімдерге еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ, оқушыларға білімге ұмтылып, жан-жақты дамып, идеясын батыл түрде жүзеге асыруға тілек білдірді.

Бөлісу: