Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Батыс қақпа» және «Шығыс қақпа» полиорталықтарындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты

22 Тамыз, 2026

«Батыс қақпа» – аумағы 300 гектарға жуық. Мұнда қала қажетті инженерлік инфрақұрылымды қалыптастырып жатыр, ал жеке құрылыс салушылар әлеуметтік, коммерциялық, мәдени-ойын-сауық нысандары мен тұрғын үйлер салуда.

Бүкіл аумақ саябақ кеңістіктерін, көгалдандыруды, жүргінші мен велосипед инфрақұрылымын, сондай-ақ қоғамдық көлікті ескере отырып, бірыңғай тұжырымдама бойынша дамытылып жатыр.

«Шығыс қақпа» полиорталығында инженерлік желілердің құрылысы жалғасуда: 16 шақырымнан астам сумен жабдықтау және 77 шақырым электрмен жабдықтау желісі тартылып жатыр. Сонымен қатар жаңа стадион мен су экожүйесінің айналасында орналасатын қоғамдық-рекреациялық кеңістік – «Almaty Promenade» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылуда.

Мақсат – жаңа аумақтарға жай ғана құрылыс салу емес, жұмыс істеуге, демалуға және дамуға қажетті барлық жағдай жасалған толыққанды әрі жайлы қалалық аудандар қалыптастыру.

Бөлісу: