Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов те өз таңдауын жасады

15 Наурыз, 2026

Көрнекті қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов Әуезов ауданында орналасқан  №584 референдум учаскесінде дауыс берді. 

"Қуатты елдің тірегі – прогрессивті ойлайтын ұлт, дамыған мәдениет және жоғары интеллектуалдық потенциал. Мен бүгін Қазақстан деген үлкен мемлекеттің, халқының жарқын болашағы,
ұрпағымыздың өсіп-өркендеуі, елдің бақытты, бай-қуатты болуы үшін дауыс бердім”, – дейді Мереке Құлкенов.

 №584 референдум учаскелік комиссиясының төрағасы Рабиға Дошанова дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын жеткізді.
Оның айтуынша, комиссия учаскедегі тәртіпті қамтамасыз етіп, референдумға қатысушыларды тіркеу және бюллетеньдерді белгіленген ережеге сәйкес беру жұмыстарын жүргізіп отыр.
 

Бөлісу: