Live
«Көп тармақ көңілімнен шығады»: Баян Алагөзова референдум туралы пікір білдіріп, дауыс беруге қатысты
15 Наурыз, 2026
Қазақстандық продюсер және медиатұлға Баян Алагөзова жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзовпен бірге республикалық референдумға қатысты.
Баян Алагөзова дауыс беруге ниетті екенін Instagram парақшасындағы оқырмандарына алдын ала хабарлаған. Стористе ол жұбайымен бірге учаскеге бара жатқанын айтып, жаңа Конституция жобасындағы көптеген тармақтың өзіне қолайлы екенін атап өтті.
Кейін ерлі-зайыптылар референдум учаскесіне барып, дауыс беруге қатысты.
Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бүкіл ел бойынша өтіп жатыр. Алматыда таңертеңнен бастап тұрғындардың белсенділігі жоғары байқалып, бірқатар учаскеде дауыс беруге келген адамдардың кезегі қалыптасты.
Дауыс беруге мәдениет, спорт, бизнес саласының өкілдері мен қоғам қайраткерлері де қатысып жатыр. Олардың көпшілігі учаскелерге отбасыларымен бірге келген.