Алматыда референдум аясында буккроссинг акциясы өтті

15 Наурыз, 2026

Алматыда республикалық референдум күні 15 наурызда Отбасылық оқу кітапханасының Инновациялық шығармашылық орталығында буккроссинг акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – кітап оқуды насихаттау, отбасылық оқу мәдениетін дамыту және оқырмандар арасында кітап алмасу дәстүрін қалыптастыру.

Акция барысында қатысушылар өздері оқып шыққан кітаптарын әкеліп, басқа оқырмандармен алмастырып, жаңа авторлар мен шығармаларды танып-білуге мүмкіндік алды. Буккроссинг кітапсүйер қауым үшін пікір алмасып, әдебиеттермен бөлісетін ерекше алаңға айналды.

Іс-шараға кітап оқуға қызығатын қала тұрғындары белсенді қатысып, оқу мәдениетін дәріптеуге үлес қосты.

Айта кетейік, республика бойынша өтіп жатқан референдум барысында қазақстандықтар дауыс беру учаскелеріне келіп, таңдау жасап жатыр.
 

Бөлісу: