99 жастағы солдат: Майдангер Владимир Белозеровтың бастан кешкені.

6 Мамыр, 2025

Жеңіс күнінің қарсаңында Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Белозеровтың үйіне бас сұғып, ардагердің аман-саулығын сұрап шықты. Ардагердің өмір жолы да – ерекше.  

Юность, опалённая войной
Владимир Дмитриевич 18 жасқа толғанда,  1943 жылы майданға аттаныпты. 3 украин майданында соғысып, соғыстың ең сұрапыл кезінде - Днепрді кешіп өткен. 

«Соғысқа алғаш рет украин жерінде аралстық қой. Шаршап-шалдығып, қарын ол аш, жаяу келе жатқанбыз. Деревняға кіргенде, ондағылар: «Ішпеңдер суды. Немістер шегініп бара жатып бәрін улап кетті» деп айтты», - деп еске алды ардагер. 

 Днепрден өтер кезде ауыр жараланып, керең боп қалыпты. Харьковтегі госпитальда жатып, сол жерден мүгедектігіне байланысты босап шығады. Кейін жеңісті Барнаулда қарсы алған. 

 «Біреу туған-туысым қайтып келер деп қуанып, біреу қайғырып, айналамның бәрі жылап жатты сонда.  Бұл жеңісті жыламай еске алу қиын»
 

Соғыстан кейінгі өмірі: майданнан цехқа
 Ауыр жараланғанына қарамастан, Владимир Дмитриевич мойымаған. Жоғары білім алып, қаншама жылын өндіріске арнаған кейін.  28 жыл Алматыдағы құрылыс материалдары комбинатында цех бастығы болып істейді. Осы еңбегі үшін 1964 жылы сол кездегі ең үлкен мемлекеттік марапат – Ленин орденін алыпты.

 «Жұмысқа көңілді болып баратынмын. Адамның ақысын жеген жоқпын, бәрімен бірдей сыйластым. Комбинаттағылардың бәрі менің цехыма кеп жұмыс істегісі келетін. Бұл маған деген құрмет деп ойлаймын өзім.» 

Ұзақ жасау - әркімнің өз қолында
Владимир Белозеров биыл 100-ге толады. Ақсақал әлі тың, гимнастикамен айналысып, бақшаға қарап, шахмат ойнап, біраз жер жаяу жүріп қайтады күнделікті

«Өзіңе де, елге де сыйлы бола білу керек. Өмірдің мәнісі де сол», — дейді   Владимир Дмитриевич.

Бөлісу: