Әуезов ауданында жаңа қоғамдық алаң ашылды

4 Шілде, 2025

Алматының Әуезов ауданында Төле би көшесінен төмен орналасқан Момышұлы көшесіндегі бос жатқан жер демалатын, спортпен айналысып, серуендейтін жайлы кеңістікке айналды.

Бұл жұмыс «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы іске асқан.      Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған пресс-тур кезінде, Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиев 91 миллион теңге болатын бұл жоба аудан әкімдігінің қолдауымен қолға алынғанын айтты. 

«Біз мұнда жақсы жарықтандыру жүйесін жасадық. Кешкі, түнгі уақытта бұл жерде өте жарық болады енді. Кешке мұнда балалар да, басқа аудандағылар да үй-ішімен келеді. Біз қалада сирек кездесетін шағын архитектуралық формаларды орнаттық. Альпілік төбешік салдық, айналасына отыруға, демалуға болады. Мұнда секірмек те бар. Кешкісін адамдар кезекке тұрады оған», - деп айтты Абзал Егембердиев.

Бұрын бос жатқан аумақта қазір мыналар бар: 550 м² брусчатка, 600 м² көгалды алаң с автоматты суару жүйесі, 140 ағаш, 27 жарық бағаны мен 11 бейнебақылау камерасы, 12 орындық пен қоқыс жәшігі, толыққанды балалар алаңы құмсалғыш, сырғанақтар, батуттар, арқан жолақшасы мен шағын архитектуралық формалармен жабдықталған, спортпен шұғылдануға арналған воркаут-аймақ, амфитеатр, арка мен колонналары бар кіреберіс, сондай-ақ альпілік төбешіктер мен 3D қоршау.

«Бұл жерде біз шағын сахна жасадық, кешке балаларды жинап, интерактивті шаралар мен шағын концерттер өткіземіз. Бұл біздің жастарға өте пайдалы, олардың шығармашылық қабілетін дамытуға септігі тиеді. Осының бәрін аппаратурамен қамтамасыз етіп, концерт те өткіземіз енді», — деп атап өтті Әуезов ауданының әкімі.

Әуезов ауданы Алматыдағы ең тығыз қоныстанған аудан. Басқа аудандарда орташа есеппен 1 шаршы шақырымда 4 мың адам тұрса, Әуезов ауданында сонша жерде 13 мың адам тұрады. Сондықтан мұнда балалар алаңы мен жасыл аумақтар жетіспейді. Биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 30 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның  24 жаңа қоғамдық кеңістік, 6 жоба – аулаларды абаттандыруға арналған.

Әуезов ауданының әкімі Абзал Егембердиевтің айтуынша, барлық жұмыс 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін аяқталады. «Іске асқан әр жоба – тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған», — деп атап өтті Абзал Егембердиев.

Бөлісу: