Жандосов көшесі - 57 мекенжайындағы ауланы абаттандырып болды

4 Шілде, 2025

Алматы қаласында Жандосов көшесі- 57 мекенжайындағы ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды. Бұл жоба қалалық аула аумағын күрделі жөндеу бағдарламасы аясында жүзеге асты.

Аудан әкімі Абзал Егембердиев баспасөз туры барысында жобаның мақсаты - барлық жастағылар үшін жайлы, қауіпсіз және функционалды орта құру екенін айтты. Абаттандыру кезінде аулаға 622 м² асфальт төселіп, 405 м² резеңке жабын орнатылды, 6 кіші архитектуралық нысан, 7 орындық пен қоқыс жәшігі, қалқасы бар 4 көше тренажері, сондай-ақ футбол мен баскетбол ойнауға арналған көпфункционалды спорт алаңы орнатылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін 40 метр қоршау, 8 жарық бағанасы мен  тәулік бойы істейтін 4 камера да орнатылды.

«Біз әр ауланың тұрғындардың сұқбаттасатын, күш-қуатын толықтырып, дамитын орынға айналғанын қалаймыз. Жандосов көшесіндегі бұл жоба – тұрғындармен бірлесе отырып, қалалық ортаны қалай қалыптастырып жатқанымызға дәлел бола алады», - деп атап өтті Абзал Егембердиев.

Әкімнің айтуынша, Алматыдағы аулалары ең тығыз орналасқан осы Әуезов ауданы екен.  Мұндағы ауланың тығыздығы - 966 аула.

«Өткен жылы 65 ауланы жаңарттық, оның 23-і күрделі жөндеу аясында, 42-сі «Халықтың қатысу бюджетінен» жүзеге асырылды. Сондай-ақ 115 аулаға әдетке жөндеу жұмысы жүргізілді, олардың 159-ы осындай жұмысқа ең мұқтаж аула болатын. Орта есеппен жыл сайын біз 100 аулаға дейін жөндеп шығамыз», - деп атап өтті ол.

Абаттандыру жұмысының ерекше назар аударатын жағы - аумаққа бөлгені. Олар -  кішкентай балаларға арналған ойын алаңы, жасөспірімдердің аумағы, воркаут алаңдары, қалқа астындағы тренажерлер, уақытпен шектелген әмбебап спорт алаңдары болып бөлінген. Барлық жұмыс Алматының Бас жоспарын ескеріп барып қолға алынған. Сайран шағын ауданында да аулаларды жаңартып жатыр. Күзге дейін мұнда 14 аула толық жаңартылмақ.

Әкім қауіпсіздікке ерекше назар аударатынын атап өтті. Ескі жабындар мен тозығы жеткен құрылымдарды соы заманғы, жарақаттан қорғайтын материалдармен алмастырылып жатыр.

Бөлісу: