Қазақстанның иісі аңқып тұрады

6 Қараша, 2026

Гүлжан Түзелбаева парфюм арқылы осыны жүзеге асыруға болатынын айтады. Ол хош иіс композицияымен ғана емес, қазақстандықтарға жақын әрі таныс атаумен де ерекшеленетін парфюмдер жасайды. Олардың қатарында «Алма», «Көк Жайлау», «Жусан», «Алматинская роза», «Адай», «Бұзық», «Махаббат» пен басқа да хош иістер бар.

Актриса, парфюмер, зерттеуші — Гүлжан Түзелбаева бойындағы сан алуан талантты ерекше үйлестіре білген жан. Оның Парижде парфюмерия өнерін меңгеріп қайтқан. Қазір ол Satbayev University зертханасында еңбек етіп, өзінің Gulzhan Harfum брендін дамытып келе жатыр.

Бірегей хош иіс жасау — оңай іс емес, әрі әрдайым коммерциялық тұрғыдан тиімді бола бермейді. Алайда Гүлжан жеңіл жол іздемейді, өзгенің жетістігін қайталауға да ұмтылмайды. Оның өмірлік ұстанымы: «Мен біреудің көшірмесі болғым келмейді. Керісінше, менен көшіргенін қалаймын!».

Сонымен қатар оның өмірінде таңғажайып сәйкестік, күтпеген кездесу мен орындалған арманы аз болмаған. Кейде олардың кездейсоқ болғанына сену де қиын. Бейнебір өмірінің әртүрлі сәттері бір-бірімен астасып, ерекше тағдырдың тұтас мозаикасын құрайтындай.

Бөлісу: