Қазақстанда қандай мамандық сұранысқа ие?

6 Қараша, 2026

Жоғары жалақыны қай саладан табуға болады және бір орынға жүздеген адам таласқан  кезде жұмыс берушіден ұсыныс алудың қандай жолы бар?
QALA VISION бағдарламасының жаңа шығарылымында Қазақстанның еңбек нарығы, мансаптық мүмкіндік пен жақсы жұмысқа орналасудың құпиясы туралы сөз қозғаймыз.
Бағдарламамыздың қонағы — HeadHunter компаниясының маркетинг пен PR менеджері Мұхамед Бағдатұлы.
Сарапшымен бірге бүгінгі таңда қандай маманға сұраныс жоғары екенін, жұмыс іздеушілер қандай жалақыға үміт арта алатынын және жұмыс берушінің талабы қалай өзгеріп жатқанын талқылаймыз.
Сондай-ақ сіз түйіндемені жұмыс берушінің назарын аударатындай етіп дайындауды, сұқбаттан сәтті өтуді, кәсіби дағдыларыңызды тиімді көрсетуді және жұмыс іздеу барысында жиі кездесетін қателіктен аулақ болуды үйренесіз.
Жұмыс іздегендердің көбі біле бермейтін табысты жұмысқа орналасудың құпиясы бар ма? Жұмыста өсуге не көмектеседі?

 

Бөлісу: