Олжас Сүлейменов 90 жасқа толды!

29 Қазан, 2026

Бұл кісі поэзия мен прозаның өкілі, ойшыл әрі зерттеуші, өзінің тың жаңалығымен елді елең еткізіп,  тілдер мен мәдениеттер тарихына деген өзгеше көзқарасымен таңғалдырып келе жатқан тұлға.

Олжас Омарұлының мерейтойлық жылында QALA VISION студиясынд тарих ғылымдарының PhD докторы, өзі мерейтой иесі басқаратын ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы директорының орынбасары Игорь Крупко қонақ болды.

Әңгімемізде Орталықтың қызметі, жазушының шығармашылығы мен кезінде ғылыми ортада қызу пікірталас тудырған әйгілі «Аз и Я» кітабы туралы сөз қозғаймыз. Бүгінде ресейлік және шетелдік лингвистер бұл еңбекке қалай қарайды? Олжас Сүлейменов тіл біліміне қандай жаңа жаңалық пен тың тұжырым ұсынды?

Қаңбақ шал емес, Қошей Бессмертный, ежелгі Мысыр құдайы Осирис және түркі тілдерінің арасында қандай байланыс бар? Олжас Сүлейменов күнделікті қолданыстағы сөздер мен есімдердің шығу тегіне қатысты қандай құпияны ашуға тырысады? Оның лингвистикалық болжамы неліктен таңданыс, сүйсініс пен ғылыми пікірталас тудырады?

Сондай-ақ авторлық неологизмдер, Игорь Крупко әзірлеген олжастану бойынша оқу құралы, «Невада — Семей» қозғалысы мен жазушының мәдениеттер мен халықтарды жақындастырудағы рөлі туралы әңгімелесеміз.

Неліктен Олжас Сүлейменовтің идеялары бүгінгі күнге дейін ғылыми пікірталастың өзегіне айналып, жұртшылықтың ой-санасын толғандырып отыр?

Осы және өзге де маңызды мәселе туралы Республика күніне арналған QALA VISION подкастының жаңа шығарылымынан біле аласыздар

https://www.youtube.com/watch?v=O76HsAQxYeE

Бөлісу: