Live
Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады
2 Ақпан, 2026
📌 Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар жаңа құрылымдық бөлімше — Балалардың құқығын қорғау басқармасын құруды қолдады.
👥 Бұл шешім Президент Әкімшілігінің тапсырмасын орындау аясында және Үкімет қаулысына енгізілген өзгерістерге сәйкес қабылданды. Аталған өзгерістер жергілікті деңгейде балалардың құқығын қорғау жөніндегі арнаулы органдарды құруды көздейді.
🏙 Мәслихат төрағасы Мейіржан Отыншиев мегаполис жағдайында профилактика, жедел әрекет ету және ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін қалыптастырудың маңызы зор екенін атап өтті.
👶 Жаңа басқарма Алматыда балалардың құқығы мен заңды мүддесін қорғау жұмысын күшейтеді.