Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан телекөпір форматындағы тікелей эфирге қатысып, «Таза Қазақстан» қозғалысы аясындағы экологиялық бастамаларды талқылады.

28 Сәуір, 2026

Мемлекет басшысы бұл жобаның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталғанына тоқталды.

Жалпықалалық сенбіліктер өткізу мен қаланы көгалдандыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Алматыда мұндай іс-шаралар тұрақты сипат алып, қаланың барлық ауданында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді.

Жыл басынан бері шамамен 80 мың адам қатысқан төрт жалпықалалық сенбілік өткізілді. «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында өзен арналары мен арық жүйелері тазартылып, 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды.

Дархан Сатыбалды тазалық жұмыстарын ұйымдастыру тұрғындар мен коммуналдық қызметтің бірлесуімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын және қала тұрғындарының кең қолдауына ие екенін жеткізді.

Сонымен қатар, қаланы көгалдандыру жұмыстары жалғасып отыр. Биыл 550 мыңнан астам ағаш пен бұта егу, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді көркейту жоспарланған.

Бөлісу: