Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алатау ауданын жұмыс сапарымен аралап, Байбесік шағынауданы мен коммуналдық қызметтердің жаңа базасында болды.

28 Сәуір, 2026

Байбесік шағынауданында шағын бизнесті, соның ішінде жиһаз өндірісін орналастыру мәселесі қаралды. Нысандардың бір бөлігі жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлерде орналасқандықтан, әкім бұл аумақты жүйелі түрде рәсімдеу және қажетті инженерлік әрі құқықтық инфрақұрылымы бар жиһаз кластерін құру мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сондай-ақ, қала басшысы 1 сәуірден бастап жұмыс істей бастаған «Алматы Тазалық» жаңа өндірістік базасының жұмысын тексерді. Мұнда 300 қызметкер мен 81 арнайы техникаға барлық жағдай жасалған, оның ішінде көріктендірілген аумақ пен жатақхана бар. Ауданда өз базасының болуы көшелерді санитарлық тазалауды және жасыл аймақтарды күтіп ұстауды едәуір жеделдетуге мүмкіндік береді.

Бөлісу: