Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Көтерілген мәселелер ерекше қажеттілігі бар балаларға медициналық көмек көрсету, кәріз жүйесіне қосылу, жол төсемінің сапасы және аула аумақтарын дамыту бағыттарын қамтыды.
28 Сәуір, 2026
Әрбір өтініш бойынша тиісті басқармаларға нақты тапсырмалар жүктелді. Денсаулық сақтау саласында науқастарды жүйелі қолдауды қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы бағытында жөндеу жұмыстарын жеделдету, ал көркейту саласында жобалардың жүзеге асыруға бақылауды күшейту міндеттелді.
Сонымен қатар, тұрғын үйді жаңғырту және қала құрылысы саясатына қатысты мәселелер де қаралды. Бағдарламаларды іске асыру мерзімі мен тетіктері бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.