Алматының Түрксіб ауданында маңызды инфрақұрылымды жаңарту және әлеуметтік жобаларды дамыту жүзеге асырылып келеді.

2 Ақпан, 2026

Алматының Түрксіб ауданында маңызды инфрақұрылымды жаңарту және әлеуметтік жобаларды дамыту жүзеге асырылып келеді.

Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында Ақан Сері – Шолохов – Сейфуллин көшелеріндегі су құбыры және кәріз желілерінің құрылыс барысын тексерді. Жоба аясында 18,8 шақырым су құбыры және 27,9 шақырым кәріз желісі тартылып, 4 мыңнан астам тұрғын қамтылады.

Қазіргі таңда нысан 60% дайын, жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау жоспарланған. Әкім құрылыс сапасына қатаң бақылау жүргізуді және тұрғындарға келетін қолайсыздықты барынша азайтуды тапсырды.

Сондай-ақ, қала әкімі Жас Қанат шағынауданындағы Даму және шығармашылық орталығының құрылыс алаңына барды. Аумағы 14 мың шаршы метр болатын 1 350 балаға арналған ғимаратта бассейн, планетарий, зертханалар және түрлі бағыттағы сабақтарға арналған 42 кабинет қарастырылған. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы аяқталады.

Әкім аудан аумағын көріктендірудің маңызына да тоқталып, ғимараттардың қасбетін жаңарту, жарықтандыру жүйесін жақсарту және көгалдандыру жұмыстарын күшейту арқылы тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Бөлісу: