Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді көріктендіру жобаларына арналған кеңес өткізді.
3 Ақпан, 2026
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді көріктендіру жобаларына арналған кеңес өткізді.
Кеңес барысында ғимараттардың қасбетін жаңғырту мен қоғамдық кеңістіктер құруды қатар қамтитын көшелерді жаңарту мәселесі талқыланды. Негізгі мақсат — қаланың бірыңғай және айқын танылатын сәулеттік бейнесін жасау.
Алғашқы кезеңде магистральді көшелерді ретке келтіру жоспарлануда, одан кейін аудандық маңызы бар көшелер кезең-кезеңімен жаңартылады. Сәулеттік стильге және қолданылатын материалдардың сапасына ерекше назар аударылады.
Әкім бекітілген шешімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуға тиіс екенін атап өтті.