«Әр дауыстың салмағы бар» - ақын Ғалым Қалибекұлы

15 Наурыз, 2026

Белгілі қазақстандық ақын, «Алаш» халықаралық сыйлығының лауреаты Ғалым Қалибекұлы республикалық референдумға қатысты. Ол өз учаскесіне келіп, референдумда таңдау жасады.

Ақынның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаға қатысу әрбір азамат үшін ерекше мәнге ие.

«Референдум – әрқайсымызға ел тағдырына дауыс қосуға мүмкіндік береді. Өлеңдегі сөз мағынаны қалыптастырса, әрбір дауыс елдің болашағын қалыптастырады», - деді ол.

Ғалым Қалибекұлы сондай-ақ, ел үшін маңызды оқиғаларға азаматтардың қатысуы қоғамның болашағына деген жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.
 

Бөлісу: