Live
Жазушы Нұрдәулет Ақыш Алматыдағы референдумда дауыс беру жағы жақсы ұйымдастырылғанын айтты
15 Наурыз, 2026
Белгілі жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Нұрдәулет Ақыш жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумда дауыс беруге қатысты.
Оның айтуынша, референдум учаскесінде тұрғындардың белсенділігі жоғары болды, ал дауыс беру үдерісі жақсы ұйымдастырылған.
«Барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Адамды қарсы алып, сұрағына жауап беріп, не істеу керектігін түсіндіріп жатыр. Бұл учаскеде жылы әрі жайлы атмосфера қалыптастырады», — деді Нұрдәулет Ақыш.
Ол сондай-ақ мұндай маңызды оқиғалар азаматтарға ел дамуына қатысты мәселелер бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Дауыс беру — ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын кезде бей-жай қалмай, оған қатысудың бір мүмкіндігі», — деді жазушы.