Live
Miss World Kazakhstan 2025 Шадияра Байкенованың қай учаскеде дауыс бергені белгілі болды
15 Наурыз, 2026
Miss World Kazakhstan 2026 байқауының жеңімпазы, қоғам белсендісі әрі ел жастарының өкілі Шадияра Байкенова республикалық референдумға қатысты. Ол Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №239 референдум учаскесінде дауыс берді.
Оның айтуынша, мұндай маңызды оқиғаларға қатысу әр азаматқа ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді.
Шадияра Байкенова референдум демократияның маңызды тетіктерінің бірі екенін және қоғамның пікірін білдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, ол белсенді азаматтық ұстаным ел өмірінде, әсіресе жас буын үшін, айрықша маңызға ие екенін жеткізді.