Live
Алматыда дауыс беріп жатқан әнші Қуандық Рахымды көріп қалды
15 Наурыз, 2026
Алматыда танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым республикалық референдумға қатысты. Ол тіркелген референдум учаскесіне барып, дауыс берді.
Әнші референдумға қатысу азаматтық жауапкершіліктің маңызды белгісі екенін атап өтті.
«Әр азаматтың дауысы — ел болашағына әсер ететін маңызды таңдау. Сондықтан мен де бүгін референдумға қатысып, ұстанымымды білдірдім», — деді Қуандық Рахым.
Бүгін Қазақстанның барлық өңірінде жалпыхалықтық референдум өтіп жатыр. Ел тұрғындары мемлекет үшін маңызды мәселеге қатысты пікір білдіру үшін дауыс беру учаскелеріне келіп жатыр.