Live
Алматыда жаңа жыл түні қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді
31 Желтоқсан, 2025
Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласының барлық қалалық қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Көпшілік тұрғындар демалысты жақындарымен өткізетін уақытта, мыңдаған маман қаланың қауіпсіз, таза әрі жылы болуын қамтамасыз ету үшін тәулік бойы қызмет атқаруда.
Адамдар көп жиналатын орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау және жедел әрекет ету мақсатында патрульдеу күшейтілді. Құқықбұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, шұғыл әрекет ету қызметтері, медицина бригадалары, коммуналдық және апаттық қызметтер тәулік бойы жұмыс істейді.
Жаңа жылды жұмыс орнында қарсы алып, мереке күндері еселенген жүктемемен еңбек етіп жүрген барша қызметкерлерге алғыс білдіреміз. Туған-туыстардың жылы лебізі қашықта болса да, жүректеріңізге жетсін. Жаңа жыл құтты болсын! 🎄✨