Live
Алматыда учаскелік комиссиялар дауыс берудің ұйымдасқан түрде өтуін қамтамасыз етіп отыр
15 Наурыз, 2026
Алматы қаласы Алмалы ауданындағы №48 референдум учаскелік комиссиясының төрайымы Динара Әлімжанова күн бойы дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын жеткізді.
«Учаскелік комиссияның жұмысы заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылып отыр. Комиссия мүшелері дауыс беру рәсімдерінің толық сақталуын қамтамасыз етеді, азаматтарға қажетті көмек көрсетеді және үдерістің ашық әрі жария түрде өтуін қадағалайды», – деді ол.
Оның айтуынша, учаскеде референдумға қатысушылар үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Комиссия учаскедегі тәртіпті қамтамасыз етіп, референдумға қатысушыларды тіркеу және бюллетеньдерді белгіленген ережеге сәйкес беру жұмыстарын жүргізіп отыр.
Республикалық референдумдағы дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.