Бүркіт костюміндегі адам сайлау учаскесінде мерекелік көңіл-күй сыйлады

15 Наурыз, 2026

Ауэзов ауданындағы №175 сайлау учаскесінде таңғы сағаттардан ерекше көрініс орын алдыт. Мұнда сайлаушыларды Бүркіт костюміндегі маскот қарсы алды.

Келушілер Бүркітпен амандасып, суретке түсіп, ерекше әсер алды. Бұл бастама учаскедегі атмосфераны жайлы етті.     

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Бүркіт бейнесінің болуы тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, референдумға қатысудың маңызы мен ұлттық дәстүрлердің сабақтастығын символикалық тұрғыдан көрсеткен.

Осылайша, №175 сайлау учаскесі қарапайым дауыс беру орнынан жылы қарым-қатынас пен жағымды әсерге толы аймаққа айналды.

Бөлісу: