Live
Алматыда тротуар плитасы мен бордюр шығаратын зауыт жаңғыртылды
3 Қыркүйек, 2025

Алматының Индустриалды аймағында тротуар плитасы мен бордюр шығаратын зауытқа ауқымды жаңғырту жүргізілді. Инвестициялардың жалпы сомасы 1,2 млрд теңгені құрады, оның 25% - ын инвестор өз қаражаты есебінен қаржыландырылды ("СК Рахат" ЖШС), ал 75% - ы "Даму" қорының субсидиялау бағдарламасы аясында қарыз капиталымен қамтамасыз етілді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мәлімдеді.
Жоба аясында әлемдегі жетекші өндірушілердің осы заманғы жабдықтары сатып алынды, олар- ұсақ бөлшекті бетон бұйымдарды шығаруға арналған HESS Group (Германия) желісі, өнімдердің төзімділігін арттыратын ROTHO-Stabil (Германия) камерасы, өнімді тікелей байлайтын VR-80 машинасы және автоматты орайтын RA100 (Италия) машинасы, сондай-ақ полимермен қапталған технологиялық поддондар (Польша).
Айта кетейік, алғашқы Hess Maschinenbrik GmbH өндірістік желісі 2023 жылдың мамыр айында іске қосылды. 2024 жылдың соңына қарай зауыт 153 мың шаршы метр тротуар плиталарын өндірді, орташа айлық көлемі 9 мың шаршы метр, бұл жобалық қуаттың 36 %-ын құрады.
Бір ауысымда жұмыс істеген кезде жүргізілген жаңғырту өнім шығаруды айына 25 мың шаршы метрге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Екі ауысымдық режимге көшкен жағдайда, кәсіпорын көлемді айтарлықтай арттыра алады. Өндіріс процесін толық автоматтандыру өнімнің сапасын жақсартады, ауқымды үнемдеу арқылы өзіндік құнды төмендетеді, шикізатқа, материалдарға жұмсалатын шығынды азайтып, жұмыс күшін оңтайландырады.
Кәсіпорынның жобалық қуаты - жылына 180 текше метр автоклавты газды бетон және 750 мың шаршы метр темір бетон шығару. Барлық өнімдер қолданыстағы Мемлекеттік стандартқа сәйкес шығарылады және негізінен жергілікті шикізаттан өндіріледі. Бұрын зауыттың толық автоматтандырылмауы өнім шығару,а қолбайлау болатын. Яғни,өнімді экспозициялау, жинау және қоймалауды қоса алғанда, өндірістік операциялардың бір бөлігі қолмен орындалатын. Енді барлық процестер толығымен автоматтандырылды, бұл кәсіпорынның өнім шығару деңгейін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.