Live
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындар қалалық инфрақұрылым мен күнделікті өмір сапасына қатысты мәселелермен жүгінді
20 Тамыз, 2026
Өтініштердің қатарында электрмен жабдықтаудың тұрақтылығы, жер қатынастары және жер теліміне құқық рәсімдеу, тұрғын үйді жаңғырту, автотұрақ пен жол қозғалысын ұйымдастыру, сондай-ақ нысандарды салу және жаңғырту кезінде қойылатын талаптардың сақталуына қатысты түйткілдер бар.
Сонымен қатар қоғамдық кеңістікті көріктендіру, тұрғын үйлердің қасбетін жөндеу, көппәтерлі тұрғын үйлердің инженерлік желілерін қалалық қызметтің қарауына беру және спорт инфрақұрылымын дамыту жайы қаралды.
Қабылдау соңында тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктеріне тұрғындардың өтінішін жан-жақты пысықтап, оларды белгіленген мерзімде шешуді қамтамасыз ету тапсырылды.