Live
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Семинар «Азаматтық қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»


«Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Азаматтық қызметшілердің әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында Алматы қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі - Ахетов Мамай Каниевич сөз сөйледі.
Мекеме қызметкерлеріне қызметтік этика: адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық және клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделетіні түсіндірілді.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін заңнамалық база қалыптастырылды: бұл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 - V ҚРЗ Заңы (бұдан әрі-Заң) және басқа да әлеуметтік бағдарламалар. Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді айқындайды, азаматтық қызметшілер заңды сақтауға тиіс, осыған байланысты мемлекеттік функцияларды орындаумен үйлеспейтін қызметті, жақын туыстарының, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірлескен қызметін болғызбауды, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттар ашуды және жүргізуді, қолма-қол ақша алуды, сондай-ақ құндылықтарды сақтауға жол бермеу баптары қаралды.
Бұл іс-шара ұжымдағы моральдық-этикалық нормаларды нығайтуға және жетілдіруге ықпал етеді.
Қойылған сұрақтарға толық жауаптар берілді.