Алматы әкімі теміржол вокзалын қалай жаңғыртып жатқанын көрді

7 Қыркүйек, 2026

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Алматы-1 теміржол вокзалын аралап, жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты.

1976 жылы салынған вокзал тәулігіне 6 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетеді. Соңғы жаңарту 2007 жылы жүргізілген.

Қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 75%-ы орындалды. Жоба аясында вокзалды кешенді жаңартылып, жолаушылар үшін барынша жайлы жағдай жасалып жатыр. Қала әкімі жұмыстың қарқыны мен белгіленген мерзімнің сақталуын тексерді.

Аралау қорытындысы бойынша қажетті жайттарды жедел шешіп, қайта жаңғырту жұмыстарының барысына бақылауды күшейту тапсырылды.

Бөлісу: