Алматыда Жеңіс күнін атап өтіп, батырлардың рухына тағзым етті

9 Мамыр, 2026

Алматыда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай мерекелік еске алу іс-шарасы өтті.

Негізгі бағдарлама әдеттегідей 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта ұйымдастырылды. Мұнда қала әкімі Дархан Сатыбалды Даңқ мемориалындағы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды. Майданда қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының өкілдері, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Саябақта қала тұрғындары мен қонақтары дала асханасынан дәм татып, қазақстандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысқан мерекелік концерт өтті. Бағдарлама барысында майдан әндері мен соғыстан кейінгі жылдардағы танымал болған композициялар орындалды.

Айта кетейік, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен азаматтардың өзге де санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 15 ҰОС ардагеріне 5 млн теңгеден төлем берілді. Сондай-ақ, әскери іс-қимылға қатысушыларға, тыл еңбеккерлеріне, ардагерлерге теңестірілген тұлғалар мен қайтыс болған ардагерлердің жұбайына материалдық қолдау көрсетілді.

Бөлісу: