Live
«Ұлы жұт»: Қазақстанның халық жазушысы Валерий Михайловпен мерейтойлық сұқбат
2 Қазан, 2026
QALA VISION қонағы — Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Валерий Фёдорович Михайлов. Биыл қаламгер 80 жасқа толды. Алматының әкімі Дархан Сатыбалды президенттің атынан Мерейтой иесін туған күнімен құттықтап, оған I дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.
Сұқбаттың басты тақырыбы — Қазақстан тарихындағы ең қасіретті кезеңнің біріне арналған «Ұлы жұт» кітабы. Әңгіме барысында шежіренің қалай жазылғаны, оның негізіне қандай архив құжаттары мен куә болғандардан естелік алынғаны, автордың дереккөзбен қалай жұмыс істеп, зерттеу барысында қандай жаңалық ашқаны туралы сөз болды.
Сондай-ақ тарихи жады, жазушының жауапкершілігі мен сол жылдардағы оқиғаларға бүгін де қайта оралудың маңызы жөнінде әңгімелестік.
QALA VISION жаңа шығарылымын көріңіз.