Алматыда қала күні қарсаңында журналистер мен белсенді қоғам өкілдерінің еңбектері бағаланды

13 Қыркүйек, 2023

 

Бүгін республикалық Достық үйінде Өңірлік коммуникацялар қызметі жариялаған байқау жеңімпаздары марапатталды

Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын қаланың дамуына ерекше үлес қосқан қалалық және республикалық БАҚ өкілдері мен белсенді қоғам өкілдерінен өтініштер қабылдау басталған болатын.

Мақсаты - Алматы қаласының дамуы туралы үздік жарияланымдар, репортаждар, БАҚ және әлеуметтік желілердегі сюжеттер авторларын, белсенді қоғам қайраткерлерін көтермелеу.

Өтінішті қоғам қайраткерлерінің өздері, журналистер, ұйым басшылары немесе БАҚ редакторлары, сондай-ақ үміткер үшін бере алды.

Төрешілер келесі номинациялар бойынша 10 жеңімпазды анықтады:

1) Алматы туралы жазатын үздік журналист - Таңшолпан Бегалыкызы, Baribar.kz
2) Алматының ең белсенді қоғам қайраткері - Абдыхалыков Қайыржан Саясатұлы, Алматы қаласының Азаматтық Альянс төрағасы
3) Қаланың ең белсенді қоғамдық ұйымы - "Qamqor charity" қоғамдық қоры
4) Үздік алматылық блогер - Дмитрий Байназаров, Тик-Токер
5)  Алматы туралы үздік видео авторы  - Досжан Балабекұлы, «Қазақ газеттері», журналист, философ.
6) Алматының ең белсенді жастар көшбасшысы - Кайрыев Рустам Абдусаламович, «Қазақстандағы Ұйғыр жастарының одағы» РҚҚ төрағасы
7) Алматы туралы үздік телеграм-канал - Almaty Today
8) Үздік алматылық паблик – «Давай сходим»
9) Алматы өмірінен хабардар ететін үздік ақпараттық сайт - “Вечерний Алматы” сайты
10) Алматы туралы үздік  YouTube/TikTok-канал - “Алматы” телеарнасы

Жеңімпаздар алма мен қауырсын түріндегі мүсіншелермен, сондай-ақ ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Бөлісу: