Алматыдағы Арбатта Nauryz Fashion Day өтеді

17 Наурыз, 2025

18 наурыз күні Алматыда сағат 14:30-да Наурызнама онкүндігі аясында Ұлттық киімдер күніне арналған Nauryz Fashion Day ауқымды сән көрсетілімі өтеді. Қызыл кілемнен жүріп өтетін модельдер арасында «Әлемді таңқалдырған қазақ әжелері» жобасының қатысушылары,  «Мисс Қазақстан» жобасының жеңімпаздары болады, сондай-ақ іс-шараға AtelierRaushan ательесі мен Aida KaumeNOVA сән үйі қатысып, ұлттық стильдегі әдемі топтамаларын көрсетеді.

Айта кетейік, Nauryz Fashion Day-ге қатысушы модельдердің арасында бұған дейін Италияның Милан қаласында өткен сән апталығында өнер көрсеткен, енді Нью-Йорк пен Париждегі Fashion Week-ке қатысуды жоспарлап отырған, қазақ ұлттық киімдерін әлем елдерінде дәріптеуші апалар бар.

Сондай-ақ, ұйымдастырушылар барша қала тұрғындарын аталмыш іс-шарана тамашалау үшін этностильде киініп келуге шақырады. Сол арқылы Наурызнама аясында Ұлттық киімдер күнін қолдап, Nauryz Fashion Day-дің қатысушысы болуға мүмкіндік бар.

Өтетін орны: Жібек Жолы көшесі, Арбат

Күні мен уақыты: 18 наурыз, 14:30

Байланыс телефоны: +7 708 820 6179, Айя

Бөлісу: