Live
Алматыдағы Н.Сац атындағы театрды реконструкциялау қалай жүреді
6 Ақпан, 2025

Алматыда Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын реконструкциялау жұмыстары басталады. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтті, қала әкімдік мердігерді анықтау үшін байқау жариялады.
1980-жылдары салынған ғимаратқа осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жүргізілмеген. Реконструкциялау барысында құрылымдар нығайтылып, шатыры мен қасбеті жаңартылады, инженерлік жүйелер ауыстырылады, сондай-ақ театр жабдықтары мен өрт сөндіру жүйесі орнатылады.
Театр жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіш болғандықтан, ғимараттың сәулет элементтерін, соның ішінде холлдың тарихи едені мен фойедегі мозаиканы қалпына келтіруге ерекше мән беріледі.
Театр жанынан 200 орындық залы, шеберханалары және оқу сахнасы бар жаңа ғимарат салынады.
Жұмыс 2026 жылы аяқталады деп жоспарланған.